N1Broker қосымшасында салық декларациясын қалай толтырады?
Бұл видеода ReportiX сервисінің көмегімен N1 Broker қосымшасында салық декларациясын толтыру жолын көрсетеміз. Бұл нұсқаулықта N1 Broker-ден брокерлік есепті алу, деректерді ReportiX-ке жүктеу, операцияларды тексеру және дайын декларацияны қалыптастыру кезеңідерін қамтимыз. Сондай-ақ активтер туралы мәліметтерді нақтылау, қажетті түзетулер енгізу, салықтың қорытынды сомасын шығару және құжатты салық органына тапсыруға дайындау тәртібін түсіндіреміз. Егер сіз N1 Broker қызметін пайдалансаңыз, бұл нұсқаулық брокерлік есеп негізінде салық есептілігін жылдам әрі қатесіз әзірлеуге көмектеседі.