ReportiX жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Сервистің жұмысы туралы толығырақ қарапайым бейненұсқаулықтан біліңіз

Бейне

ReportiX-те инвестор декларациясын қалай толтырады?

Бұл видеода ReportiX-те салық декларациясын қалай толтыру керек екенін көрсетеміз. Декларация нысанын таңдаудан бастап, деректерді жүктеуді, есептеулерді тексеруді және дайын файлды салыққа жіберуді егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Сондай-ақ брокерлік есепті қосуды, операцияларды тексеріп, түзетуді және салықтың қорытынды есебін алу жолдарын көрсетеміз.

Бейне

ReportiX-те декларация толтырғаннан кейін салықты қалай төлейді?

Бұл видеода eGov.kz порталы арқылы салықты қалай тез төлеуге болатынын көрсетеміз. Салық органын таңдау, деректемелерді (реквизиттерді) толтыру және мобильді банк арқылы төлем жасау жолын кезең-кезеңімен түсіндіреміз. Берілген нұсқаулықпен мұқиятты түрде танысып, салықты уақытылы төлеуді ұмытпаңыз.

Бейне

ReportiX-те бірнеше брокердің есептерін қалай біріктіреді?

Бұл видеода ReportiX платформасында бірнеше брокердің есебін бір декларацияға қалай біріктіру керек екенін көрсетеміз. Декларацияны толтыру, брокерлік есептерді жүктеу және деректерді бір нысанға автоматты түрде жинақтауды толықтай түсіндіреміз. Бірнеше брокер арқылы инвестиция жасасаңыз, бұл нұсқаулық арқылы қалай барлық брокерлік шоттарыңыздағы ақпаратты автоматты түрде біріктіріп, жиынтық табысыңызды есептеп, ортақ бір декларацияны жылдам әрі қатесіз дайындауға болатынын үйренесіз.

Бейне

Серіктес емес брокерлердің есептері бойынша декларацияны ReportiX-те қалай толтырады?

Бұл видеода брокеріңіз сервис серіктесі болмаған жағдайда ReportiX платформасында салық декларациясын қалай құру керек екенін көрсетеміз. Декларация жасау, есептілік параметрлерін реттеу, операциялар бойынша деректерді қолмен енгізу және қорытынды салықты есептеу кезеңдерін талдаймыз. Сондай-ақ, бұл нұсқаулықта бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді қосу, активтер туралы мәліметтерді енгізу, есептеулерді тексеру және дайын декларацияны салық органына тапсыруға дайындау жолдарын түсіндіреміз. ReportiX жүйесіне интеграцияланбаған брокер арқылы инвестиция жасасаңыз, бұл нұсқаулық сізге салық декларациясын қатесіз толтырып, заңнама талаптарын дұрыс орындауға мүмкіндік береді.

Бейне

Декларацияңыздың қабылданғанына қалай көз жеткізуге болады?

Бұл видеода салық декларациясын салық кабинетіне қалай сәтті жүктеу керек екенін және қабылданғанына қалай көз жеткізуге болатынын көрсетеміз. Жіберілген декларацияның қабылданғанын қай жерден көруге болатынын, қандай хабарламаларға назар аудару қажет екенін және құжаттың жүйе арқылы сәтті өңделгенін қалай түсінуге болатынын кезең-кезеңімен түсіндіріп береміз. Егер сіз декларацияны ReportiX арқылы жіберген болсаңыз, бұл нұсқаулық нәтижені жылдам тексеруге және бәрі дұрыс жіберілгеніне көз жеткізуге көмектеседі.

Бейне

Дайын декларацияны салық органына қалай жүктеуге болады?

Бұл видеода Қазақстан Республикасының салық төлеуші кабинетіне салық декларациясын қалай жүктеу керегін көрсетеміз. Декларацияны тапсыру процесін кезең-кезеңімен түсіндіріп, жүктеу кезінде нені ескеру қажет екенін және жаңа салық төлеуші кабинеті арқылы декларацияны қалай дұрыс жіберу керегін айтып береміз. Егер сіз декларацияны ReportiX арқылы алдын ала дайындаған болсаңыз, бұл нұсқаулық тапсыру процесін жылдам аяқтауға көмектеседі.